Қоғам

Нұрсұлтан Назарбаевтың көлігі 222 миллион теңгеге сатылып жатыр

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көлігі 222 миллион теңгеге сатылып жатыр, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бұл туралы kolesa.kz сайты жазды.

Mercedes 600 SEL (Sonderschutz) GUARD B7 конвейерден 1993 жылы шыққаны, көлікке Германиядағы фабрикадан арнайы тапсырыс берілгені және Мемлекет басшылары үшін жасалған автомобильдер тізбегінің бір бөлігі екені хабарланды.

Көліктің зауыттық брондалған капсуласы бар, бұл оны бірегей антиквариат қана емес, Қазақстан тарихының бір бөлігі етеді, – деп жазған жарнама авторы. 

Сатушы брондалған капсула Калашников автоматы мен снайперлік винтовкадан атылған оққа төтеп бере алатынын, сондай-ақ көлікті жарылғыш құрылғылардан қорғайтынын атап өткен. Автокөлікте өрт сөндіру жүйесі және газ багы арқылы атудан қорғаныс бар.

ContInental CTS 265-40 R500 арнайы шиналарының ішінде доңғалақтар атылып кетсе де, қуудан құтылуға мүмкіндік беретін қосымша жиегі бар. Мұндай көлік қанша тұратын болса да, өмір сүру бұрынғыдан да қымбат, – деп сипаттама берілген. 

Хабарландыру авторы дәл осындай Мерседес Грузияның бұрынғы Президенті Эдуард Шеварднадзенің өмірін сақтап қалғанын айтады. Оның көлігін гранатомет пен ауыр пулеметтерден атқан, бірақ Мемлекет басшысы зардап шекпеген. Ресей Президенті Владимир Путиннің де осындай көлігі болған. Ол жеке тұлғаға 1,3 миллион еуроға сатылған.

Фото: Koleso.kz 

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button